Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № а-7/175 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 тамызда № 23919 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасынын 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары К.Д. Шәймерденовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданының әкімі Д.Есжанов

  Біржан сал ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 2 тамыздағы
№ а-7/175 қаулысына
қосымша

Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Алатын алаңы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым

1.

Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Біржан сал ауданының бөлімі ғимаратының жанында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

5 шаршы метрден
4 орын

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

2.

Макинка ауылы, республикалық маңызы бар "Нұр-Сұлтан – Петропавл, Көкшетау арқылы" автожолының 180 шақырымы (Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау қаласына бағытының сол жағы)

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

5шаршы метрден
12 орын

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

3.

Бұланды ауылы, республикалық маңызы бар "Нұр-Сұлтан – Петропавл, Көкшетау арқылы" автожолының 194 шақырымы (Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау қаласына бағытының сол жағы)

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

5 шаршы метрден
16 орын

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

4.

Бұланды ауылы, республикалық маңызы бар "Нұр-Сұлтан – Петропавл, Көкшетау арқылы" автожолының 194 шақырымы (Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау қаласына бағытының оң жағы)

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

5 шаршы метрден
4 орын

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

5.

Үлгі ауылы, Ғәрібжан Кәрімов көшесі, мешіт ғимаратының жанында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар

5 шаршы метрден
4 орын

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады