Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 - тармағына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІМ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Есіл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 21 қарашадағы № 20/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Агымбаева |