Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша

Жаңартылған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7С-2/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 қаңтарда № 8335 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 12.10.2021 № 7С-15/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес, Жарқайың ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А.Бейсен
      Жарқайың аудандық мәслихатының хатшысы А.Альжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімдігі

  Жарқайың аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7С-2/2 шешіміне
1 қосымша

Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 12.10.2021 № 7С-15/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1) Алаң, Державин қаласы, Ленина көшесі 34;

      2) Алаң, Державин қаласы, Захарова көшесі, 37;

      3) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Державин қаласы, Вокзальная және Ленина көшелерінің қиылысынан Ленина көшесінің бойымен алаңға дейін;

      4) Алаң, Бірсуат ауылы, Абай көшесі, 14;

      5) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бірсуат ауылы, Позднякова көшесімен Абай көшесіне дейін;

      6) Алаң, Уәлиханов ауылы, Мира көшесі, 19А;

      7) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Уәлиханов ауылы, Комсомольская көшесімен Мира көшесіне дейін;

      8) Алаң, Гастелло ауылы, Юность даңғылы, 7;

      9) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Гастелло ауылы, Целинная көшесімен Юность даңғылына дейін;

      10) Алаң, Далабай ауылы, Ленина көшесі, 3;

      11) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Далабай ауылы, Оспанов тұйық көшесінен Ленина көшесіне дейін;

      12) Алаң, Тасты-Талды ауылы, Ленина көшесі, 2;

      13) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тасты-Талды ауылы, Абай көшесімен Ленина көшесіне дейін;

      14) Алаң, Зерноградское ауылы, Целинная көшесі, 16;

      15) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Зерноградское ауылы, Октябрьская көшесімен Целинная көшесіне дейін;

      16) Алаң, Костычево ауылы, Мира көшесі, 3;

      17) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Костычево ауылы, Московская көшесімен Мира көшесіне дейін;

      18) Алаң, Донское ауылы, Рубцова көшесі, 3;

      19) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Донское ауылы, Ленина көшесімен Рубцова көшесіне дейін;

      20) Алаң, Құмсуат ауылы, Целинная көшесі, 27;

      21) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Құмсуат ауылы, Мира көшесімен Целинная көшесіне дейін;

      22) Алаң, Львовское ауылы, Клубная көшесі, 7;

      23) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Львовское ауылы, Ленина көшесімен Клубная көшесіне дейін;

      24) Алаң, Нахимовка ауылы, Ленина көшесі, 1;

      25) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Нахимовка ауылы, Приишимская көшесімен Ленина көшесіне дейін;

      26) Алаң, Баранкөл ауылы, Набережная көшесі, 47;

      27) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Баранкөл ауылы, Центральная көшесімен Набережная көшесіне дейін;

      28) Алаң, Отрадное ауылы, Жастар көшесі, 2А;

      29) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Отрадное ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесімен Жастар көшесіне дейін;

      30) Алаң, Кенское ауылы, Жастар көшесі, 5;

      31) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Кенское ауылы, Бекет көшесімен Жастар көшесіне дейін;

      32) Алаң, Пригородное ауылы, Рабочих даңғылы, 16;

      33) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Пригородное ауылы, Молодежная көшесімен Рабочих даңғылына дейін;

      34) Алаң, Пятигорское ауылы, Қасым Даулеталин көшесі, 33;

      35) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Пятигорское ауылы, Жеңіс көшесімен Қасым Даулеталин көшесіне дейін;

      36) Алаң, Тасөткел ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 22,

      37) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тасөткел ауылы, Абай көшесімен Тәуелсіздік көшесіне дейін;

      38) Алаң, Тассуат ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 8;

      39) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тассуат ауылы, Целинная көшесімен Ыбырай Алтынсарин көшесіне дейін;

      40) Алаң, Үшқарасу ауылы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі, 13А;

      41) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Үшқарасу ауылы, Жеңіс көшесімен Дінмұхаммед Қонаев көшесіне дейін;

      42) Алаң, Шойындыкөл ауылы, Школьная көшесі, 2А;

      43) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шойындыкөл ауылы, Квартальная көшесімен Школьная көшесіне дейін.

 
  Жарқайың аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7С-2/2 шешіміне
2 қосымша

Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 12.10.2021 № 7С-15/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру- сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Алаң, Державин қаласы, Ленина көшесі 34, шекті толу нормасы 150 адам;

      2) Алаң, Державин қаласы, Захарова көшесі, 37, шекті толу нормасы 100 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Державин қаласы, Вокзальная және Ленина көшелерінің қиылысынан Ленина көшесінің бойымен алаңға дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      4) Алаң, Бірсуат ауылы, Абай көшесі, 14, шекті толу нормасы 100 адам;

      5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бірсуат ауылы, Позднякова көшесімен Абай көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      6) Алаң, Уәлиханов ауылы, Мира көшесі, 19А, шекті толу нормасы 100 адам;

      7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Уәлиханов ауылы, Комсомольская көшесімен Мира көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      8) Алаң, Гастелло ауылы, Юность даңғылы, 7, шекті толу нормасы 50 адам;

      9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Гастелло ауылы, Целинная көшесімен Юность даңғылына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      10) Алаң, Далабай ауылы, Ленина көшесі, 3, шекті толу нормасы 30 адам;

      11) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Далабай ауылы, Оспанов тұйық көшесінен Ленина көшесіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      12) Алаң, Тасты-Талды ауылы, Ленина көшесі, 2, шекті толу нормасы 100 адам;

      13) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тасты-Талды ауылы, Абай көшесімен Ленина көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      14) Алаң, Зерноградское ауылы, Целинная көшесі, 16, шекті толу нормасы 30 адам;

      15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Зерноградское ауылы, Октябрьская көшесімен Целинная көшесіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      16) Алаң, Костычево ауылы, Мира көшесі, 3, шекті толу нормасы 100 адам;

      17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Костычево ауылы, Московская көшесімен Мира көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      18) Алаң, Донское ауылы, Рубцова көшесі, 3, шекті толу нормасы 50 адам;

      19) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Донское ауылы, Ленина көшесімен Рубцова көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      20) Алаң, Құмсуат ауылы, Целинная көшесі, 27, шекті толу нормасы 50 адам;

      21) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Құмсуат ауылы, Мира көшесімен Целинная көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      22) Алаң, Львовское ауылы, Клубная көшесі, 7, шекті толу нормасы 100 адам;

      23) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Львовское ауылы, Ленина көшесімен Клубная көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      24) Алаң, Нахимовка ауылы, Ленина көшесі, 1, шекті толу нормасы 40 адам;

      25) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Нахимовка ауылы, Приишимская көшесімен Ленина көшесіне дейін, шекті толу нормасы 40 адам;

      26) Алаң, Баранкөл ауылы, Набережная көшесі, 47, шекті толу нормасы 20 адам;

      27) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Баранкөл ауылы, Центральная көшесімен Набережная көшесіне дейін, шекті толу нормасы 20 адам;

      28) Алаң, Отрадное ауылы, Жастар көшесі, 2А, шекті толу нормасы 80 адам;

      29) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Отрадное ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесімен Жастар көшесіне дейін, шекті толу нормасы 80 адам;

      30) Алаң, Кенское ауылы, Жастар көшесі, 5, шекті толу нормасы 50 адам;

      31) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Кенское ауылы, Бекет көшесімен Жастар көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      32) Алаң, Пригородное ауылы, Рабочих даңғылы, 16, шекті толу нормасы 100 адам;

      33) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Пригородное ауылы, Молодежная көшесімен Рабочих даңғылына дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      34) Алаң, Пятигорское ауылы, Қасым Даулеталин көшесі, 33, шекті толу нормасы 60 адам;

      35) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Пятигорское ауылы, Жеңіс көшесімен Қасым Даулеталин көшесіне дейін, шекті толу нормасы 60 адам;

      36) Алаң, Тасөткел ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 22, шекті толу нормасы 50 адам;

      37) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тасөткел ауылы, Абай көшесімен Тәуелсіздік көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      38) Алаң, Тассуат ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 8, шекті толу нормасы 100 адам;

      39) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тассуат ауылы, Целинная көшесімен Ыбырай Алтынсарин көшесіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      40) Алаң, Үшқарасу ауылы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі, 13А, шекті толу нормасы 50 адам;

      41) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Үшқарасу ауылы, Жеңіс көшесімен Дінмұхаммед Қонаев көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      42) Алаң, Шойындыкөл ауылы, Школьная көшесі, 2А, шекті толу нормасы 60 адам;

      43) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шойындыкөл ауылы, Квартальная көшесімен Школьная көшесіне дейін, шекті толу нормасы 60 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде (немесе) дәл сол бір жүру бағыты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арсындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Жарқайың ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  Жарқайың аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7С-2/2 шешіміне
3 қосымша

Жарқайың ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 12.10.2021 № 7С-15/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Жарқайың ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады