Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарқайың ауданы әкімдігінің "Жарқайың ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № А-12/398 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6959 тіркелген, 2019 жылғы 03 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары | Д.Сыздыков |