"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.
2. Қорғалжын ауданы әкімдігінің "Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №43 "Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарын белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 29 тамыздағы №168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6094 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж. М. Мырзагельдиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын ауданы әкімі | Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |
Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2021 жылғы "7" шілдедегі № А-7/84 қаулысына қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Қорғалжын ауылы | Кенжебек Күмісбеков көшесі, 38, "Кенжебек Күмісбеков атындағы Қорғалжын аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты. |
2 | Қорғалжын ауылы | Хайретдин Болғанбаев көшесі, 3, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
3 | Қорғалжын ауылы | Әліби Жангелдин көшесі, 8, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
4 | Қорғалжын ауылы | Хайретдин Болғанбаев көшесі, 7, Қорғалжын ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының ғимараты. |
5 | Қорғалжын ауылы | Мадин Рахымжан көшесі, 20/2, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
6 | Өркендеу ауылы | Абай көшесі, 19, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Амангелді ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
7 | Арықты ауылы | Тәуелсіздік көшесі, 24, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
8 | Сабынды ауылы | Абай Құнанбаев көшесі, 24, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Сабынды ауылының Үсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
9 | Жантеке ауылы | Жәкен Шаяхметов көшесі, 1, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
10 | Кеңбидайық ауылы | Талғат Бигельдинов көшесі, 22, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Кеңбидайық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
11 | Қараегін ауылы | Шоқан Уәлиханов көшесі, 11, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қараегін ауылының Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
12 | Майшұқыр ауылы | Абай көшесі, 15, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Майшұқыр ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
13 | Шалқар ауылы | Абай Құнанбаев көшесі, 34, "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |