Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 51 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 ақпанда № 8057 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 02.09.2021 № 294 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 02.09.2021 № 294 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1.1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.

      Ескерту. Қаулы 1.1. тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 02.09.2021 № 294 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 51 қаулысына 1-қосымша

Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 24.12.2021 № 416 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы, мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

10 000

83 737

837 370,0

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

15 000

31 803

477 045,0

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

100 000

3 442

344 200,0

3.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

сатып алынған бас

150 000

2 820

423 000,0

4.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу

4.1

Отандық

сатып алынған бас

150 000

4 863

729 450,0

4.2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

225 000

4 150

933 750,0

5.

Ірі қара малдың тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін импортталған аналық басын сатып алу

150 000

293

43 950,0

6.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

тірідей салмағы, килограмм

200

2 874 270,27

574 854,054

Барлық сомасы

4 363 619,054

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу

1.1

Бір жынысты

сатып алынған доза

10 000

3 610

36 100,0

1.2

Қос жынысты

5 000

60

300,0

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу

2.1

Отандық

сатып алынған бас

200 000

10 602

212 040,0

2.2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

сатып алынған бас

225 000

350

78 750,0

3.

Сүт өндіру құнын арзандату

3.1

Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

45

12 119 802

545 391,090

3.2

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

20

655 995

13 119,9

3.3

Ауыл шаруашылығы кооперативі

20

291 744

5 834,88

4.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау

ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас

5 000

2 000

10 000,0

Барлық сомасы

901 535,87

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

60

313 010

18 780,6

2.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату (2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады)

2.1

150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

1,3

119 637 535

155 528,7955

Барлық сомасы

174 309,3955

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымды жұмыс жүргізу

1.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

4 000

35 108

140 432,0

1.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

2 500

127 489

318 722,5

2.

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

15 000

8 472

127 080,0

3.

Импортталған асыл тұқымды аналық қойларды сатып алу

сатып алынған бас

30 000

64

1 920,0

4.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату

өткізілген бас

3 000

1 183

3 549,0

Барлық сомасы

591 703,5

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

100 000

117

11 700,0

Барлық сомасы




11 700,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

1.

Маралдардың (бұғылардың) аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

бас/шағылыстыру маусымы

10 000

75

750,0

2.

Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы/маусым

5 000

800

4 000,0

3.

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

3.1

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы

бас

120 000

2 471

296 520,000

3.2

Ірі қара малдың аналық басы

30 000

169 185

5 075 550,0

3.3

Ұсақ малдың аналық басы

5 000

313 128

1 565 640,0

3.4

Жылқының аналық басы

20 000

67 670

1 353 400,0

3.5

Түйелердің аналық басы

20 000

2 547

50 940,0

4.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

713 953

42 837,180

Барлық сомасы

8 389 637,180

Барлығы

14 432 504,9995

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 51 қаулысына 2-қосымша

 Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

      Ескерту. Қаулы 2 қосымшамен толықтырылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 02.09.2021 № 294 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге

Өлшемшарттары

Өтінім беру мерзімі

1

Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы

бас

120 000

өтінім берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 600 бастан кем емес болуы

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап 20 желтоқсанға дейін

2

Ірі қара малдың аналық басы

бас

30 000

1) өтінім берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы

3

Ұсақ малдың аналық басы

бас

5 000

1) өтінім берген сәтте (12 айдан асқан аналықтардың) меншікті аналық басының ешкінің аналығы 50 бастан қойлардың 300 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы

4

Маралдардың аналық басы

бас

10 000

өтінім берген сәтте (24 айдан асқан аналықтардың) меншікті аналық басының 75 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы

5

Жылқылардың аналық басы

бас

20 000

1) өтінім берген сәтте (аналық жылқының жасы 36 айдан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы

6

Түйелердің аналық басы

бас

20 000

1) өтінім берген сәтте (аналық бастың жасы 36 айдан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады