Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 111 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 8240 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген бұйрығына және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 1 хаттамасына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 111 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының атауы

Өлшем бірлігі

Мөлшері

Мерзімі

 
1

Күнбағыс майы

л

608 теңге

90 күн


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады