Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ақтөбе облысында тұратынҚазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.
2. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 17 тамыздағы № 54 "Азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5073 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
А. Айтжанов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | А. Нугманов |