Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 10.01.2022 № 3 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Занының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 қазандағы № 5-2/414 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үй құстарының арасында Ньюкасл ауруының анықталуына байланысты Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының "Пригородный-1" тұрғын үй алабы аумағында карантин белгіленсін.
2. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның алғашқы ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | А. Шахаров |