Карантинді тоқтату және Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 3 қарашадағы № 6062 "Карантин белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 3 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қаңтарда № 26529 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 5-2/470 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданы "Пригородный-1" тұрғын үй алабының аумағында, үй құстарының арасында Ньюкасл ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. "Карантин белгілеу туралы" Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 3 қарашадағы № 6062 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25084 болып тіркелген) каулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады