Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарабұтақ және Жарөткел ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 қорытындысы негізінде, Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарабұтақ ауылдық округі Қарабұтақ ауылының келесідей көшелері:
"В.Терешкова" көшесі – "Фариза Оңғарсынова" көшесіне;
"А.Пушкин" көшесі – "Балуан Шолақ" көшесіне;
"Ю.Гагарин" көшесі – "Құдайберген Жұбанов" көшесіне
"Н.Әлдекешов" көшесі – "Шәмші Қалдаяқов" көшесіне қайта аталсын.
2. Қарабұтақ ауылдық округі Жарөткел ауылының келесідей көшелері:
"Ә.Молдағұлова" көшесі – "Есет батыр" көшесіне;
"Ж.Есентеміров" көшесі – "Дінмұхамед Қонаев" көшесіне қайта аталсын.
3. Әйтеке би ауданының "Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі | К. Байдрахманов |