ЗҚАИ-дың ескертпесі!
Осы шешім 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А. Алмагамбетов |
Алға аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Тулеуов |
Алға аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 43 шешіміне қосымша |
Алға аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізбесі:
1. Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 128 "Алға ауданында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 11 желтоқсанында жарияланған) шешімі;
2. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 260 "Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 128 "Алға ауданында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6119 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 13 мамырында жарияланған) шешімі;
3. Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 296 " Алға аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 128 "Алға ауданында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6384 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланған) шешімі.