Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 19.02.2024 № 129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 "Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7906 тіркелген, 2021 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қазақ тіліндегі шешіммен айқындалған, Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде:
"көпбалалы отбасы" сөздері "аз қамтылған отбасы" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
10 тармақ келесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"10. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21500 тіркелген, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А. Тукенова |
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Копжасаров |