Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 7906 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы № 129 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 19.02.2024 № 129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 19.05.2023 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Байғанин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Н. Жанғалиев
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев

  Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 шешіміне 1 қосымша

Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

1- тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 19.05.2023 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Тұрғын үй көмегін көрсетуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 4 тармаққа қазақ тілінде өзгерістер енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 15.03.2021 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      6. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      7. Тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

      8. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 19.05.2023 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      10. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21500 тіркелген, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 15.03.2021 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2- тарау. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      11. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларға сәйкес жүргізіледі:

      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаңды құрайды. Жалғыз тұратын азаматтар үшін бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес мөлшерде;

      2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

      1 адамға – 40 киловатт;

      2 адамға – 60 киловатт;

      3 адамға – 80 киловатт;

      4 және одан да көп адамға – 100 киловатт;

      3) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:

      1 адамға – 18 шаршы метр пайдалы алаң, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме;

      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға:

      1 адамға – 18 шаршы метр пайдалы алаң, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме;

      5) жылумен жабдықтау ай сайын:

      1 адамға – 18 шаршы метр пайдалы алаң, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме;

      6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      7) кәріз қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      8) сумен жабдықтау қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      9) газ пайдалану нормалары - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      Коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

      10) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295 Н/Қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.

      Ескерту. 11 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 15.11.2023 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 шешіміне 2 қосымша

Байғанин аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 "Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-175 тіркелген, 2018 жылғы 28 маусымда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімі.

      2. Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы № 181 "Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 "Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-189 тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      3. Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 270 "Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 "Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6459 тіркелген, 2019 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      4. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 359 "Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 "Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7395 тіркелген, 2020 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады