ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің "Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" 2018 жылғы 21 мамырдағы № 116 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-173 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | К. Утаров |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Байғанин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 246 қаулысына қосымша | |
Байғанин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 116 қаулысына қосымша |
Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ р/с | Автожолдың индексі | Автожолдың атауы | Жалпы ұзындығы, километр |
1 | KD-BA-37 | Қарауылкелді-Жарқамыс | 102,480 |
2 | KD-BA-38 | Қарауылкелді-Жарқамыс-Алтай батыр–Миялы– Оймауыт | 171,255 |
3 | KD-BA-39 | Кемерши ауылына кіре беріс | 56,000 |
4 | KD-BA-40 | Ебейті ауылына кіре беріс | 43,690 |
5 | KD-BA-41 | Ноғайты ауылына кіре беріс | 1,400 |
6 | KD-BA-42 | Көкбұлақ ауылына кіре беріс | 18,000 |
Барлығы | 392,825 |