Карантинді тоқтату және Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 97 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 182 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 қазанда № 24665 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Байғанин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 21 шілдедегі № 02-09-04/125 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қопа қыстағы аумағында ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2021 жылғы 9 маусымдағы № 97 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23005 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылкелді ауылдық
округінің әкімі
Ж. Абитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады