Қобда ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 96 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 наурызда № 8080 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қобда ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 49 "Қобда ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6019 болып тіркелген, 2019 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      2) Қобда ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № 204 "Қобда аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 49 "Қобда ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7324 болып тіркелген, 2020 жылдың 17 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      2. "Қобда ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қобда ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қобда ауданының әкімі Б. Кулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады