"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 2-11-3/183 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округінің Жарық ауылының Абдолла Жанзақов, Астана, Алия Молдағұлова, Әжіғали Орынбаев, Балдай Танабаев, Желтоқсан, Қайрат Рысқұлбеков, Мұқан Тәжіғұлов көшелері аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларының кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің" 2021 жылғы 3 наурыздағы № 6 "Жарық ауылдық округі, Жарық ауылының Абдолла Жанзақов, Астана, Алия Молдағұлова, Әжіғали Орынбаев, Балдай Танабаев, Желтоқсан, Қайрат Рысқұлбеков, Мұқан Тәжіғұлов көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8077 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарық ауылдық округінің әкімі | Е. Имангазин |