Жарық ауылдық округі, Жарық ауылының Абдолла Жанзақов, Астана, Алия Молдағұлова, Әжіғали Орынбаев, Балдай Танабаев, Желтоқсан, Қайрат Рысқұлбеков, Мұқан Тәжіғұлов көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 наурызда № 8077 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 18.10.2021 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 8 ақпандағы №2-11-3/37 ұсынысы негізінде, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Жарық ауылдық округі Жарық ауылының Абдолла Жанзақов, Астана, Алия Молдағұлова, Әжіғали Орынбаев, Балдай Танабаев, Желтоқсан, Қайрат Рысқұлбеков, Мұқан Тәжіғұлов көшелері аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарық ауылдық округінің әкімі Е. Имангазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады