2021 жылға Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 6 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 қаңтарда № 8027 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауданының әкімі Е. Кенжеханұлы

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 6 қаулысына қосымша

2021 жылға Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк-сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

66

2

1

2

"РОДНИКИ-АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

102

2

2

3

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жайсаң көпсалалы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

2

2

4

"Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

126

2

3

5

"Мартук Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10

1

1

6

"Алихан ойл З" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

187

3

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады