2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 30 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 ақпанда № 8054 болып тіркелді

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота, ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауданының әкімі Е. Кенжеханұлы

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 30 қаулысына қосымша

2021 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан % )

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

74

2

1

2

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жайсаң арнайы білім беру ұйымы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

111

3

3

3

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

374

4

15

4

"Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

126

3

4

5

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жайсаң көпсалалы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

2

2

6

"Мәртөк ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

63

2

1

7

"Агрофирма "Коквест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

144

3

4

8

"РОДНИКИ-АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

134

3

4

9

"Айс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

119

3

4

10

"Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк-сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

66

2

1

11

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Жайсаң жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

2

1

12

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Хлебодаровка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

126

3

4

13

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101

3

3

14

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101

3

3

15

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "№ 2 Мәртөк мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

121

3

4

16

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

2

1

17

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Родниковка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

65

2

1

18

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Саржансай жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

19

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Балалар шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

53

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады