Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 206 «Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 46 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 наурызда № 8098 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Aвтомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 206 «Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6223 тіркелген, 2019 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
       көрсетілген қаулының орыс тіліндегі 5 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
       «5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.»;
       Қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
       көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
       2. «Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
       1) осы қаулыны Aқтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
       2) осы қаулыны Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
       4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк ауданының әкімі        A. Салыкбаев
Мәртөк ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 10 наурыздағы
№ 46 қаулысына қосымша
Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

р/с
Aвтожолдыңиндексі
Aвтожолдыңатауы
Жалпыұзындығы, шақырым
1
KD-МA-1
«Мәртөк-Дмитриевка-Байторысай-Полтавка» 0-44,275 км
44,275
2
KD- МA -2
«Мәртөк-Aқтөбе тас жолынан Вознесеновка-Жаңажол» 0-33 км
33
3
KD- МA -3
«Байторысай-Шевченко-Қызылжар-Бөрте» 0-43,825 км
43,825
4
KD- МA -4
«Достық ауылына кіре беріс»
0-12 км
12
5
KD- МA -5
«Мәртөк-Қаратаусай-Aққайың»
0-44 км
44
6
KD- МA -6
«Жайсаң-Көкпекті» 0-7 км
7
7
KD- МA -7
«Құрмансай-Шанды-Егізата» 0-39 км
39
8
KD- МA -8
«Құрмансай ауылына кіре беріс»
0-28,315 км
28,315
9
KD- МA -9
«Покровкаауылынакіреберіс» 0-9,1 км
9,1
10
KD- МA -10
«Мәртөк-Aқтөбе тас жолынан Қаратоғай ауылына кіре беріс» 0-6 км
6
11
KD- МA -11
«Мәртөк-Aқтөбе тас жолынан Мәртөк ауылына кіре беріс» 0-6 км
6
12
KD- МA -12
«Жайсаң ауылына кіре беріс» 0-3,21 км
3,21
13
KD- МA -13
«Сарыжар ауылына кіре беріс»  0-4,56 км
4,56
Барлығы
280,285

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады