Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.11.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 15 шілдедегі № 30 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5022 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) ең төмен күнкөрiс деңгейi – мөлшері бойынша "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;";
10 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
еңбек ардагерлеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;";
10 тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Атаулы күндері мен мерекелік күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша, ЖАО бекіткен тізімдері бойынша көрсетіледі.".
2. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Мәртөк аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Б. Акзамов |
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы |
Т. Көлкебаев |