Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 02-13-4/98 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің "Айбат" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.
2. Талдысай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 4 "Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің "Айбат" шаруа қожалығы аумағында карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8287 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдысай ауылдық округінің әкімі | Қ. Аққайыр |