Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 "Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 наурыздағы № 24 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 наурызда № 8116 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 84 "Жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-92 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімде және қосымшада:

      бүкіл мәтін бойынша "іргесіндегі" және "мөлшері" деген сөздер тиісінше "жанындағы" және "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспеде "505 бабының 2 тармағына, 510 бабына" деген сөздер "510, 531 баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2 тармақта:

      "504," деген цифрлар алып тасталсын.

      2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Б. Адилханов
      Темір аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Шаимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады