Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 "Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 37 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 сәуірде № 8220 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 наурыздағы № 163 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 11.03.2024 № 163 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 "Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5599 тіркелген, 2017 жылы 25 шілдеде "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:

      8 тармак келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21500 тіркелген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9 тармақта:

      екінші абзацтағы "осы Ереженің" деген сөздер "осы Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшеріндегі және тәртібінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Б. Адилханов
      Темір аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Шаимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады