Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18, 139 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 182 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5036 тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Темір ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
2) көрсетілген қаулының 1 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Темір ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
3) көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Темір аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданының әкімі | С. Аманбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Темір аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Шаимов |
"_____" ____________ 2021 жыл |
Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 71 қаулысына қосымша | |
Темір ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 22 шілдедегі № 182 қаулысына қосымша |
Темір ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
№ | Лауазымдардың атауы |
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары | |
1 | Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы |
2 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы |
3 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы |
4 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
5 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
6 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты |
Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары | |
1 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
2 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтері |
3 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік қойылым бөлімі меңгерушісі (басшысы) |
4 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы) |
5 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК концерттік зал меңгерушісі |
6 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК сектор басшысы |
7 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), режиссер, ұжым (үйірме басшысы), барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), кітапханашы, барлық атаудағы инженер (негізгі қызметкер) |
8 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санаттағы маманы: кітапханашы |
9 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санаттағы маманы: библиограф |
10 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметкер), мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме басшысы), барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметкер), кітапханашы |
11 | Пайдалану-техникалық қамтамасыз ету қоймасы басшысы (меңгерушісі) |
12 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бухгалтер |
13 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі маманы: мәдени ұйымдастырушы |
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме
МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын