Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 05.05.2021 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 және 139 баптарына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 05.05.2021 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Мұңайтбасовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Жүсібалиев |
Темір аудандық | |
мәслихатының хатшысы | |
__________ Б. Ізбасов | |
"22" шілде 2016 жылы |
Темір ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 182 қаулысына қосымша |
Темір ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 12.02.2024 № 19 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
лауазымдарының тізбесі
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша мамандардың лауазымдары |
1. ММ біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
2. ММ біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент |
3. ММ біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші, екінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
4. ММ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент |
Мәдениет саласы бойынша мамандардың лауазымдары |
1. Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшылары (директорлары) |
2. ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер |
3. ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы- режиссер, хореограф |
4. ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер |
5. ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер, хореограф |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік мекемелері;
МҚК – бұл ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың жергілікті атқарушы органдар қарамағындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары.