ШЕШТІ:
1. Ойыл аудандық мәслихатының "Ойыл ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 333 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6400 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ойыл ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ойыл ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Займолдин |