Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Саралжын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Саралжын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 29 "Саралжын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 21 қазандағы № 13 "Саралжын ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7403 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
2. "Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саралжын ауылдық округінің әкімі | А. Мубараков |