Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Қосымбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Хромтау ауданының әкімі | А. Бекет |
Хромтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 46 қаулысына қосымша |
2021 жылға арналған Хромтау ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ п/п | Ұйымдардың атауы | Жұмысшылардың тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмысшылардың тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Казхром" "ТҰҚ" акционерлік қоғамының филиалы – "Дөң тау-кен байыту комбинаты" | 2596 | 2 | 52 |
2 | "Восход-Oriel" ЖШС | 525 | 1 | 5 |
3 | "Восход-Хром" ЖШС | 296 | 1 | 3 |
4 | "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС | 1462 | 1 | 15 |
5 | "Коппер Текнолоджи" ЖШС | 435 | 1 | 4 |
6 | "БШПУ-Казахстан" ЖШС | 306 | 1 | 3 |
7 | "Хромтау кірпіш зауыты" ЖШС | 134 | 2 | 3 |
8 | "Нұр-Сапар" ЖШС | 18 | 5 | 1 |
19 | "АкТеп" ЖШС | 163 | 2 | 3 |