Кішіқұм ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 8232 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы № 2 қорытындысы негізінде, Кішіқұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кішіқұм ауылдық округіндегі келесі елді мекендердің көшелері қайта аталсын:

      1) Қарашоқат стансасында:

      "Достық" көшесін "Спандияр Көбеев" көшесіне,

      "Теміржолшылар" көшесін "Атақоныс" көшесіне;

      2) Шоқысу стансасында:

      "Теміржолшылар" көшесін "Жерұйық" көшесіне,

      "Сарбұлақ" көшесін "Құлагер" көшесіне,

      "Толағай" көшесін "Сарыжайлау" көшесіне.

      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кішіқұм ауылдық округінің әкімі К. Казбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады