Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 471 қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-62 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 12 қаңтарда № 26457 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығы Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына беру жолымен өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Тұяқовқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Л. Турлашов
      Алматы облыстық мәслихатының
      хатшысы Ж. Жоргенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады