Талдықорған қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы №168 "Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қалалық әкімдігінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 618 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 3 желтоқсанда № 25519 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талдықорған қаласы әкімдігінің "Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4653 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А.Бегмановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е. Жасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады