Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 35-164 "Іле ауданы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 13-48 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 8 желтоқсанда № 25653 болып тіркелді

      Іле аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 35-164 "Іле ауданы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4932 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, Іле ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға арттырылсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының хатшысы Р. Абилова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады