"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қаратал аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 қарашадағы № 24-105 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4398 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы | Ж. Тенельбаев |