Көксу ауданы мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 66-2 "Көксу ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 16-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 9 желтоқсанда № 25672 болып тіркелді

      Көксу ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көксу ауданы мәслихатының "Көксу ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 66-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5677 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көксу ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Көксу ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарына, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихаты хатшысының
      міндетін уақытша атқарушы Г. Байжуманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады