"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Талғар ауданы әкімдігінің "Талғар ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 04-329 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-18-101 тіркелген, 2010 жылы 10 сәуірінде "Талғар" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ашимахун Ахмет Ашимахунулына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар ауданы әкімінің міндетін | |
уақытша атқарушы | К. Абдыханов |