"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Талғар ауданы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 5 қазандағы хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Талғар қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Талғар ауданы әкімінің орынбасары Б. Ә. Төреханов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талғар ауданының әкімі | К. Абдыханов |