"Жамбыл облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 222 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 64 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3-9 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 наурызда № 4912 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 222 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1875 болып тіркелген, 2013 жылдың 17 қаңтарында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жамбыл облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы"

      көрсетілген бірлескен шешімнің қосымшасы осы бірлескен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары Б. Нығмашевқа жүктелсін.

      3. Осы нормативтік құқықтық актіге қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына және олардың үлестес тұлғаларына жеке меншікке, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері бөлігі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, ал Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына және олардың үлестес тұлғаларына уақытша жер пайдалану құқығымен берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері бөлігі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысы әкімінің
      орынбасары Е. Жилкибаев
      Жамбыл облыстық маслихатының
      сессия төрағасы Е. Саурыков
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының хатшысы М. Сарыбеков

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 64 қаулысы және Жамбыл
облыстық мәслихатының
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 3-9 шешіміне қосымша

Жамбыл облысында жергiлiктi жағдайларға және көрсетiлген жердi пайдалану ерекшелiктерiне байланысты меншiкке немесе жер пайдалануға берiлетiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң ең аз мөлшерi

Аудандар және қалалар атаулары

Жеке меншік құқығымен немесе уақытша жер пайдалану құқығымен берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің ең аз мөлшері

Уақытша жер пайдалану құқығымен берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің ең аз мөлшері.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарына (ортақ үлестік меншік (үлестік жер пайдалану) құқығының қатысушыларына (мүшелеріне) қолданылмайды)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік емес заңды тұлғаларына және олардың үлестес тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға

Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік заңды тұлғаларға

Барлығы, гектар

оның ішінде

Барлығы, гектар

оның ішінде

Барлығы, гектар

оның ішінде

Барлығы, гектар

оның ішінде

суарылмайтынегістік, гектар

суармалы егістік, гектар

суарыл-майтынегістік, гектар

суармалы егістік, гектар

суарылмайтын егістік, гектар

суармалы егістік, гектар

суарыл- майтын егістік, гектар

суармалы егістік, гектар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Байзақ

10

1,5

1

10

1,5

1

5

1

1

5

1

1

Жамбыл

10

1,5

1

10

1,5

1

5

1

1

5

1

1

Жуалы

10

1,5

1

10

1,5

1

5

1

1

5

1

1

Қордай

10

1,5

1

10

1,5

1

5

1

1

5

1

1

Меркі

10

1,5

1

10

1,5

1

5

1

1

5

1

1

Мойынқұм

50

1,5

1

50

1,5

1

25

1

1

25

1

1

Сарысу

50

1,5

1

50

1,5

1

25

1

1

25

1

1

Тұрар Рысқұлов

20

1,5

1

20

1,5

1

10

1

1

10

1

1

Талас

40

1,5

1

40

1,5

1

20

1

1

20

1

1

Шу

30

1,5

1

30

1,5

1

15

1

1

15

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады