Жамбыл облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 222 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-8 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 қаңтарда № 1875 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 16.03.2021 № 64 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 16.03.2021 № 3-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 маусымдағы Кодексінің 50 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабындағы 1 тармақтың 13) тармақшасына, 27 бабындағы 1 тармақтың 8) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысында жергiлiктi жағдайларға және көрсетiлген жердi пайдалану ерекшелiктерiне байланысты меншiкке немесе жер пайдалануға берiлетiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң ең аз мөлшерi қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының аймақты,әкімшілік – аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары М.С.Жолдасбаевқа жүктелсін.

      3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Облыстық мәслихаттың
      Қ.Бозымбаев сессия төрайымы
      Д.Қожамжарова
      Облыстық мәслихаттың
      Хатшысы
      Б.Қарашолақов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2012 жылғы 19 шілдедегі
№ 222 қаулысына қосымша
Жамбыл облыстық мәслихатының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 10-8 шешіміне қосымша

Жамбыл облысында жергiлiктi жағдайларға және көрсетiлген жердi пайдалану ерекшелiктерiне байланысты меншiкке немесе жер пайдалануға берiлетiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң ең аз мөлшерi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 16.03.2021 № 64 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 16.03.2021 № 3-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аудандар және қалалар атаулары

Жеке меншік құқығымен немесе уақытша жер пайдалану құқығымен берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің ең аз мөлшері

Уақытша жер пайдалану құқығымен берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің ең аз мөлшері.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарына (ортақ үлестік меншік (үлестік жер пайдалану) құқығының қатысушыларына (мүшелеріне) қолданылмайды)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік емес заңды тұлғаларына және олардың үлестес тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға

Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік заңды тұлғаларға

Барлығы, гектар

оның ішінде

Барлығы, гектар

оның ішінде

Барлығы, гектар

оның ішінде

Барлығы, гектар

оның ішінде

суарылмайтынегістік, гектар

суармалы егістік, гектар

суарыл-майтынегістік, гектар

суармалы егістік, гектар

суарылмайтын егістік, гектар

суармалы егістік, гектар

суарыл- майтын егістік, гектар

суармалы егістік, гектар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Байзақ

10

1,5

1

10

1,5

1

5

1

1

5

1

1

Жамбыл

10

1,5

1

10

1,5

1

5

1

1

5

1

1

Жуалы

10

1,5

1

10

1,5

1

5

1

1

5

1

1

Қордай

10

1,5

1

10

1,5

1

5

1

1

5

1

1

Меркі

10

1,5

1

10

1,5

1

5

1

1

5

1

1

Мойынқұм

50

1,5

1

50

1,5

1

25

1

1

25

1

1

Сарысу

50

1,5

1

50

1,5

1

25

1

1

25

1

1

Тұрар Рысқұлов

20

1,5

1

20

1,5

1

10

1

1

10

1

1

Талас

40

1,5

1

40

1,5

1

20

1

1

20

1

1

Шу

30

1,5

1

30

1,5

1

15

1

1

15

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады