"2020-2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы №174 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 69 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 4917 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2020 - 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы №174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4696 болып тіркелген, 2020 жылдың 14 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 18 наурыздағы
№ 69 қаулысына қосымша
  Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы "10" тамыздағы
№174 қаулысына 2 қосымша

2020-2021 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Резидентура)

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы

Барлығы

Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

Ұлттық жоғары оқу орындарында

1

7R09
Денсаулық сақтау (медицина)

7R091
Денсаулық сақтау

R017 "Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы"

3

1200000

R031 "Неонатология"

3

1200000

R032 "Акушерия және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы"

3

1200000

R037 Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы

3

1200000


Барлығы



12



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады