Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің Бесжылдық ауылын Шәкен Ниязбеков ауылы деп қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 62 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 наурызда № 4920 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 2 ақпандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің Бесжылдық ауылы Шәкен Ниязбеков ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевқа жүктелсін.

      3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысы әкімінің м.а. Е. Жилкибаев
      Жамбыл облыстық
      маслихатының сессия төрағасы Е. Саурыков
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының хатшысы М. Сарыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады