"2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 тамыздағы №180 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 310 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 желтоқсанда № 26216 болып тіркелді

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2021 - 2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 тамыздағы №180 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24285 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 310 қаулысына қосымша
  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 11 тамыздағы
№ 180 қаулысына 2-қосымша

2021-2022 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)

Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы

Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы

2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі

Жылына 1 дәрігер-резидентке жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқу

ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

 
1

7R011
Денсаулық сақтау

R002 Ревматология ересектердің, балалардың

2

1939900

1398900

R003 Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың

1

1939900

1398900

R004 Гастроэнтерология ересектердің, балалардың

1

1939900

1398900

R005 Гематология ересектердің

3

1939900

1398900

R007 Пульмонология ересектердің, балалардың

2

1939900

1398900

R013 Психиатрия ересектердің, балалардың

1

1939900

1398900

R017 Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың

6

1939900

1398900

R023 Балалар хирургиясы

2

1939900

1398900

R024 Онкология ересектердің

5

1939900

1398900

R025 Травматология ортопедия ересектердің, балалардың

3

1939900

1398900

R031 Неонатология

2

1939900

1398900

R037 Неврология ересектердің, балалардың

4

1939900

1398900


Барлығы

32



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады