"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 - бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Айшабибі ауылдық округінің шекарасы қоса берілген жерлердің экспликациясына сәйкес өзгертілсін.
2. Айшабибі ауылдық округінің шекарасының жалпы аумағы 3111,5641 гектар болып белгіленсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының хатшысы | М. Сарыбеков |
2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 290 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 12-8 шешімнің қосымшасы |
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің жерлерінің экспликациясы
№ | Атауы | Жерлердің жалпы көлемі, гектар | Барлық ауыл шаруашылық алқаптары, гектар | оның ішінде | Басқа жерлер, гектар | ||
егістік, гектар | көп жылдық екпелер, гектар | жайылымдар, гектар | |||||
1 | Айшабибі ауылдық округі | 3095,35 | 2910,35 | 364 | 5 | 2541,35 | 185 |
2 | "Майское" тұтыну кооперативінің Айшабибі ауылдық округіне қосылған жерлері | 16,2141 | - | - | - | - | 16,2141 |