Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 291 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 12-9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қаңтарда № 26441 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округінің шекарасы қоса берілген жерлердің экспликациясына сәйкес өзгертілсін.

      2. Қаратөбе ауылдық округінің шекарасының жалпы аумағы 1707,261 гектар болып белгіленсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және маслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының хатшысы М. Сарыбеков

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 291 бірлескен қаулысы және
Жамбыл облыстық
мәслихатының 2021 жылғы 13
желтоқсандағы № 12-9
шешімнің қосымшасы

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округінің жерлерінің экспликациясы

Атауы

Жерлердің жалпы көлемі, гектар

Барлық ауыл шаруашылық алқаптары, гектар

оның ішінде

Басқа жерлер, гектар

егістік, гектар

шабындық, гектар

көп жылдық екпелер, гектар

жайылымдар, гектар




1

Қаратөбе ауылдық округі

1597,92

1401,92

230,78

66

13

1092,14

196

2

"Новоджамбулец" тұтыну кооперативінің Қаратөбе ауылдық округіне қосылған жерлері

66,4333

-

-

-

-

-

66,4333

3

"Дорожник" тұтыну кооперативінің Қаратөбе ауылдық округіне қосылған жерлері

42,9077

-

-

-

-

-

42,9077


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады