"Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, арналған тарифтерін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпанындағы № 42-7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 3-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 сәуірде № 4931 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, арналған тарифтерін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпанындағы № 42-7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4107 болып тіркелген, электрондық түрде 2019 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Тараз қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Тараз қалалық мәслихаты интернет-ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Н. Абильдаев
      Тараз қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Кулекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады