Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға,арналған тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 42-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 ақпанда № 4107 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 3-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 26.03.2021 № 3-6 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14285 болып тіркелген) сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Тараз қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының коммуналдық-шаруашылық, көркейту, қоршаған ортаны сақтау және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Тараз қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Джузанов
      Тараз қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Кулекеев

  Тараз қалалық мәслихатының
2019 жылғы 15 ақпандағы
№ 42-7 шешіміне 1-қосымша

Тараз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық қор жиналған коммуналдық қалдықтар, м3/1бірлік

Жылдық қор жиналған коммуналдық қалдықтар, кг/1 бірлік

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,985

197

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,053

200

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,706

120

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,197

57

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,110

222

6

Емханалар

1 келіп кету

0,010

2,6

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,920

230

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,060

13,2

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратынорын

0,375

112,5

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратынорын

0,667

100

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,200

30

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,682

150

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

1,000

150

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,433

112,5

15

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

0,069

15

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,100

15

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,175

35

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,233

35

19

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,360

72

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,625

125

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,075

15

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,750

112,5

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,125

225

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,250

450

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

1,125

225

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмысорны

2,250

450

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,206

72

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,360

72

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмы сорны

1,250

250

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,360

72

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

2,250

450

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

1,000

300

  Тараз қалалық мәслихатының
2019 жылғы 15 ақпандағы
№ 42-7 шешіміне 2-қосымша

Тараз қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, арналған тарифтерi

Атауы

1 кг үшін тариф

1

Жеке тұлғалар үшін

5,14

2

Барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктерге

5,64

3

Жеке тұлғалар және барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктер үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату

1,25

      Ескерту: 1 тұрғынға бір айда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және кәдеге жарату үшін қызмет құны - 84,4 теңге (ҚҚС-сыз).

      Тарифтер қосымша құн салығынсыз көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады