"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 531-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Байзақ ауданының елді мекендерінде 5000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне базалық салықтық мөлшерлемесі 1 шаршы метр үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге төмендетілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байзақ аудандық | |
мәслихат хатшысы | Б. Акбаев |