"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сарысу ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанынан қарамастан ұйымдар үшін ұйым қызметкерлерінің тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Нұралиев Нұржан Тоқбергенұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетің | |
атқарушы | О. Көкей |
Сарысу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 60 қаулысына қосымша |
2021 жылға Сарысу ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері | |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін | ||||
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1 | "Казфосфат" жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің "Қаратау" тау-кен өңдеу кешені | 1581 | 0,1 % | 2 |
2 | "Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жаңатас-Су-Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 175 | 1,1 % | 2 |
4 | "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 740 | 0,3 % | 2 |
Барлығы | 2496 | 6 |